RU

Жұмыс барысында костюм-шалбармен доп тепкен аудан әкімі қақпаға гол соқты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдағы спорт алаңының салтанатты ашылу шарасына қатысқан аудан әкімі қуанғаны соншалық жерлестерінің жеңісі көп болсын деген ырыммен доп теуіп, қақпаға гол соқты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінде белгіленген кестедегі жоспардан екі жарым ай бұрын ерте пайдалануға берілген спорт алаңшасының ашылу салтанатына аудан басшысының өзі келіп қатысты. Құттықтау сөзінде аталған нысанның халық, соның ішінде жастар үшін маңыздылығына тоқталған Сайрам әкімі Самат Сапарбаев алаңша балалардың қуанышына жарасын деген тілек айтты.

Тағы оқыңыздар: ЭСКПО басталғалы қымбаттап кеткен өнімдердің бағасы астаналықтарды шошытты

«Мұнда балалар шынығып, салауатты өмір салтын насихаттайтын орынға айналсын деген нииет бар», - деген Сапарбаев мырза жерлестерінің жеңісі көп болсын деген ниетпен алаңда тұрған допты теуіп, қақпаға гол соқты. 

Одан өзге шенеунік өз сөзінде аталған ауылдық округтегі екі елді-мекенге газ келетінін айтып, жұрттан сүйінші сұрады.

Тағы оқыңыздар: Алматылық жанкүйерлер матчтан кейін даниялық футболшының бас киімін тартып алған

«Арыс ауылдық округінде екі елдімекенге биыл табиғи газ қосылатын болады. Газ келетін болса, біраз проблема шешілетін еді. Апаларымыздың, құрдастарымыздың, келіндеріміздің жұмысы жеңілдеп, қолы босап қалатын болады» деп сөзін түйді шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521602-oqo-da-audan-akimi-zhumys-barysynda-kos.html