RU

Италиялық туристті үстерінен тер мен шаңның иісі мүңкіп тұратын астаналықтар шошытқан

Италиялық Фабия Астанадағы оң жақ жағалау мен ЭКСПО территориясы "жуылып", тап-таза болғанда турист ретінде келеді. Бірақ аяқ астынан қаланың басқа бөлігіне түсіп кеткен шетелдікті елорда автобустарындағы шаң мен тер иісі мүңкіген жұмысшылар шошытып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фабияны біз ЭКСПО-2017 көрмесінде қарсы алдық.  Астанаға ол Италия көрмесін ашу үшін келген делегация құрамындағы құрбысының кеңесімен келген.

"Құрбыма бұл жер қатты ұнапты. Ол мұнда – сахаралы кең дала, бәрі жаңа, бәрі әдемі деді. Сол себепті мен мұнда турист ретінде келіп, Астана мен ЭКСПО көрмесін көруге шешім қабылдадым.

Мен Бәйтерек маңайында болып, цирк пен жағалауда серуендедім.  Астанада костюм мен ақ жейде киген ғана адамдар кездескен соң, мен мұнда бәрі осындай екен деп ойлаппын. Италияда да адамдар сәнденгенді жақсы көреді", - дейді қонақ.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан орыс қызы намазға жығылды (фото)

Фабия қоғамдық көлікке бірнеше рет мінген, бірақ көбінде Астана орталығындағы жаңа автобустарға отырған. Дегенмен жақында оған "мүлдем басқа маршрут" жолығыпты. 

"Бұл бір қызық жағдай болды, осыдан соң менің қала туралы ойым жарты сағат ішінде өзгерді. Мен ЭКСПО-дан бір көшеге шығып, сол жақ жағалауға бару үшін карта бойынша 70-ші автобусты таңдадым.

Ішіне кіріп, шошып кеттім. Онда үстерінен тердің иісі мүңкіп, кір киім киген ер адамдар көп болды. Оларды көргенде құдды бір геттолықтарды көргендей абыржып қалдым. Бұдан бұрын мен Астанада мұндай адамдарды көрмегенмін",- дейді италиялық азаматша.

Тағы оқыңыздар: Жұмыс барысында костюм-шалбармен доп тепкен аудан әкімі қақпаға гол соқты (фото)

Олардың көпшілігі автобуста ұйықтап отырған. Мұны көрген Фабия шошып кетеді. Бірақ күтпеген жерден бір ер адам шетелдік қонаққа орын ұсынған.

"Маған олар қауіпті жандардай көрінген, бірақ кейіннен сондай сыпайы болып шықты. Оның үстіне мен олардың ЭКСПО маңындағы құрылысшылар екенін білдім. Сол күннен бастап мен қалаға басқаша, шынайы көзбен қарайтын болдым.

Бұл өзге галактика секілді Астана өмірінің өзге бөлігі.  Мұнда тек ақ жейде киген адамдар өмір сүре ме десем, бір бөлікте байлар, екінші бөлігінде кедейлер өмір сүреді екен", - дейді Фабия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521811-italiyalyq-turistti-usterinen-ter-men.html