RU

12 апта ес-түссіз комада жатқан ер адам жаңа туылған сәбиі палатаға кіргенде көзін ашқан

Құрылыс зауытында жұмыс істеп жүрген ер адам басына темір түсіп, ауыр жарақат алады. Комада ес түссіз 12 апта жатқан жігіт палатасына жаңа туылған сәбиі кіргенде көзін ашқан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жағдайы ауыр болған Джонни Литтлу есін білмей, комада жатқанда 23 жаста болған. Ол темір майыстыратын көлік жүргізушісі болған. Осындай бір жұмыс  күнінде ауыр темір оның басына құлап, ол ес-түссіз күйге түседі.

Бұл уақытта оның қалыңдығы Арлин жаңадан декреттік демалысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген.

Дәрігерлер оның есін жинауы қиын деп айтқан. Күйеуінің жазылып кететініне сенген Арлин оның жанынан бір елі шықпайды. Ол тек босанған кезде ғана жарының жанында бола алмайды.

Сәбиін дүниеге әкелген соң, бір апта емханада жатқан Арлин Джей есімді ұлымен Джонниге келеді.

Жас нәресте палатаға кіргенде, ер адам таңғажайыптың күшімен көзін ашады. Қазір Джонни 30 жаста және ұлының өзіне екінші өмір сыйлағанын айтады. Ол ұлын көргеннен кейін қайтадан жүріп, сөйлеп, қалпына келген.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан орыс қызы намазға жығылды (фото)

Жақында ғана екінші нәрестелі болған жас отбасы аталған оқиғаны Жаратушының кереметі деп біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521876-12-apta-komada-zhatqan-er-adam-zhanha-tuylgh.html