RU

ЭКСПО-ға келген қонақтар қазақ кілемдері мен картиналарын мың долларға алуға дайын (фото)

Астананың бірнеше жерінен туристер ұлттық кәдесыйларды сатып ала алады. Мысалы, жақында ашылған Арбат немесе ЭКСПО көрмесі. NUR.KZ тілшілері шетелдіктерден қазақстандық бұйымдар үшін қанша төлеуге дайын екендерін сұрады.

Алдымен бүгін кәдесыйлар мен ұлттық бұйымдардың қанша тұратынын анықтайық. Ол үшін елордадағы Кенесары ескерткіші жанында орналасқан Арбатқа бардық.

Келушілердің саны аз емес, соған сай сұраныс та көп. Шетелдіктер теңгемен бірге доллар бағамында бағасы көрсетілген картиналарға назар салуда.

Ең арзан картинаның құны - 15-25 000 теңге.  Құны 30, 45 және 70 000 теңгеліктер де бар. 

220 доллар тұратын картинада (70 000 теңге) оң жақ жағалау мен Бәйтеректің суреті.

Ағаштан жасалған қобыз, домбыра және бесік те көз тартарлық. Шағын композицияны 6 000 теңгеге алуға болады.

Кішкентай бесік 4 000 теңге, ең үлкені - 18 000 теңге.

Ерлер бас киімі - 3 500 теңге, киізден жасалған ойыншық –  5 000-7 000 теңге.

Арбатта өзіңізге құмыра немесе тоқылған кілемді қолыңызбен жасай аласыз.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі кәдесый дүңгіршегі шағын ғана. Мұнда ұлттық қолөнер бұйымы мүлдем жоқ. Бірақ сұраныс та жоқ емес.

Қазақ үй формасындағы киіз сөмке – 4 500 теңге. Былғары әмияндар – 2 500 теңге. ЭКСПО кейіпкерлерінің кәдесыйы – 3 400 теңге.

Оюлы жабуы бар түйе – 3 000 теңге.  Ұлттық оюы бар флис жамылғылар – 4 800 теңге. Сәуле, Мөлдір және Қуат ойыншықтары– 4 500 теңге.

Біз шетелдік қонақтардан бағаларды доллар мен еуроға аударып, пікірлерін сұраған едік, олар мұндай бағаны тиын деп санайтындарын айтты.

"Бұл тиын ғана. Киіз бен ағаштан жасалған ойыншықтар 15 доллар? Бұл өте аз. Шебер оны дайындау үшін қанша сағат уақытын құртты, ал бағасы сондай арзан. Мен бәрін сатып алатын едім", - дейді Түркиядан келген турист.

"Картиналар үшін 100 доллар - бұл баға емес. Америкада танымал емес суретшілердің өзі мың доллар алады. Неліктен сіздерде доллар 300-ден жоғары? Маған ол арзан болып көрінді. Сіздердің белгілеріңіз бар картинаны мен 220 долларға алайын едім - бұл өте әдемі", - деп санайды америкалық Сали.

"Мен тақияларды өзіме және достарыма алатын едім. Арбатқа қалай баруға болады? Маған ондай кәдесыйлар ұнайды", - дейді ЭКСПО көрмесіне келген турист.

Тағы оқыңыздар: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Баянның сұхбатына қатысты мәлімдеме жасады.

"Өте арзан, көп зат үшін бұл жақсы баға шығар, бірақ қолөнер еңбегі үшін бұл аз. Меніңше, сіздер қолөнер шеберлерін бағаламайсыздар. Еуропада мұның бәрі мыңдаған еуро тұратын еді. Өз өнімдеріңізді бізге әкеліңіздерші", - деп күлді италиялық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521924-ekspo-gha-kelgen-qonaqtar-qazaq-kilemd.html