RU

14 жастағы жеткіншек сіңлісіне көп көңіл бөлген анасын бауыздап тастаған (фото)

14 жастағы қыз жігітімен бірге өзін үнемі мазақтайтын туған анасы мен сіңлісін бауыздап тастаған деп хабарлайы Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

49 жастағы Элизабет Эдвардс пен оның 13 жастағы қызы Кэти өткен жылы сәуір айында Спалдинг қаласындағы өз үйлерінде қаза тапты. Тергеу амалдарының мәліметінше, әйелді өзінің туған қызы жігітімен бірге өлтірген.

Тағы оқыңыздар: "МузАрт" тобының арт-директоры айдай сұлу жарының туған күнін өзбектерше тойлады (фото)

Кейіннен жасөспірімдер түрлі тәттілерді жеп, "Сумерки" қарап, бассейнге шомылған. Ол кезде олардың екеуінің де жасы 14-те болған деп жазады Daily Mail.

"Мен оларды аздап аяймын, құдды бір балық немесе кішкентай тышқан өлгендей болды. Мен олардың енді жоқ екеніне қуаныштымын, бірақ өзім бір түрлі күйдемін", - дейді анасы мен бауырын өлтірген Ким Эдвардс.

Ким анасының өзін жақсы көрмегенін, бар назарын кішкентай сіңлісіне бөлгенін айтады.

Әкесі нашақор болған қыз анасынан кек алу үшін біраз уақыт есейіп алғысы келген. Айтуынша, анасы оның жігітін де жақтырмапты.

Тағы оқыңыздар: Кіндігін ашып суретке түскен Кәмшат Жолдыбаеваны ел жерден алып, жерге салды (фото)

Бір күні Лукас әзілдеп, оған анаңды өлтірейік деп айтады. Мұны барынша салмақты қабылдаған қыз қолына ас үй пышағын алып, алдымен анасын, кейіннен сіңлісін өлтірген.

Жасөспірімдерді екі бірдей өлімге кінәлі деп танып, 17 жарым жылға бас бостандықтарынан айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1521964-14-zhastaghy-zhetkinshek-sinhlisine-kop-konhi.html