RU

Өзбек әйелден әбден қорлық көрген өгей қыз депутаттан көмек сұрады (фото)

14 жастағы ОҚО, Сарыағаш ауданының тұрғыны өгей шешесінен жәбір көріп жүргенін айтады. Жасөспірімнің сөзінше, өгей шешесі оны мазақтап, түрлі дене жарақаттарын салған деп хабарлайды TVK сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Есенова Диананы өзбек азаматшасы соққыға жығып, тіпті апталап аштықта ұстаған. Безбүйрек әкесі туған қызын үйінен қуып жіберіпті.

"Бір аптадан бері маған тамақ бермеді, тек қана су мен нан жедім. Кейін ештеңе бермеді", - дейді оқушы қыз.

Диана тамақ жегені үшін де әбден соққыға жығылғанын айтады. "Тіпті құл секілді жұмсап, үйдегі барлық шаруаны да жасататын еді", - деген жеткіншек талай таяқ жесе де бәріне көніп жүрген. Өйткені туған анасы төрт баланы жалғыз өзі асырай алмайды деп ойлаған.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан орыс қызы намазға жығылды (фото)

"Мені жұлқылап итеріп жіберді. Неге итересің деп едім, кейін жерге жатқызып, белімнен теуіп, денемнің бәрін тырнап тастады. Тұра алмай жатқан едім, шашымды жұлып, қайтып тұрғызып, қайтадан ұрды. Қатты ауырды. Сөйтіп не істерімді білмей емханаға бардым. Олар тексермей, тек жеңіл жарақат деп жазып берді", - дейді Диана.

Содан соң кішкентай Диана тәртіп сақшыларына шағымданып, түсініктеме береді. Алайда кінәлілер жазасын тартқан жоқ деп отыр. Қайта оны үйден қуып жіберген.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Шалқардың полицейлері той кортежін бастап жүріп, видеоға түсіп қалды.

"Үйге кірейінші деп жыладым, "кіргізбеймін, сенің үйің емес" деп қуып жіберді. Кейін депутақа бардым, жыладым. Ол әкеме хабарласып, кіргізсін деді. Кейін бардым үйге, ол маған сонымен қорқытасың ба деп аяқ киімді лақтырып, аузына келгенін айтып тастады.

Осыған дейін де шапалақтап ұрған, тамақ та бермейді. Көрмеген нәрсем жоқ", - деген ОҚО облысы тұрғыны бүгінде кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында.

Қыздың туған анасы 2016 жылы күйеуімен заңды түрде ажырасқан, төрт балалы болғандықтан, екі қызды бағуға жағдайы жетпей, әкелеріне қалдырған. Қазір ол қызын өз қолына алып, өзбек азаматшасының үстінен арыз түсіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522043-ozbek-ayelden-abden-qorlyq-korgen-oge.html