RU

Көзі көрмейтін азамат 15 жылдан кейін ғана өз тойына куә болған

Канадада көзі нашар көретін ер адам үшін арнайы eSight көзілдірігін жасап, өз тойын көруге мүмкіндік сыйлаған. Құрастырушылар ол үшін арнайы жасалған линза мен ақылды көзілдірік жасады. Ал туыстары болса 15 жыл бұрынғы тойды қайтадан өткізген деп хабарлайды headline.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Эндрю Эйридің айтуынша, көзінің нашар көруіне байланысты ол өміріндегі маңызды күннің барлық детальдарын есінде сақтамаған. Көзілдірік камерамен жабдықталған, ол арнайы линза картинкаларды көрсетіп отырады.

Картинка видеокассетаға жазылған ескі фильмдерді еске түсіреді, бірақ көзі нашар көретіндер үшін мұның өзі үлкен жетістік.

Төңкеріс әкелген құрылғының сайтынан түрлі эмоцияға толы видеоларды көруге болады. Ең әсерлісі - мүлдем көзі көрмейтін қыздың жаңадан туылған сәбиін көрген сәті.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да туған анасы өлімші етіп сабаған жеті жасар баланы ешкім іздеп келмеген (фото)

Ақылды көзілдірік шығарумен айналысатын Торонто компаниясы 2013 жылы құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522070-kozi-nashar-koretin-er-adam-15-zhyldan-key.html