RU

ҚМДБ Атырауда төбелесіп қалған екі имамды қызметінен қуды

Өткен аптада Атыраудағы мешіттердің бірінде имамдардың төбелесіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай ҚМДБ пікір білдіріп, екі имамның қызметінен қуылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы Құрметқали Бақтығұлов пен наиб имам Қанайбек Салиев дін қызметкерінің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан босаталды.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан орыс қызы намазға жығылды (фото)

- ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі аталған азаматтардың қызмет барысында сөз таластырып, келіспей қалғандығын анықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын 2017 жылдың 22 мамырында болып кеткен оқиға туралы объективті ақпарат беруге шақырады, - делінген ҚМДБ таратқан баспасөз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522080-qmdb-atyrauda-tobelesin-qalghan-eki-im.html