RU

Головкин мен "Канело" арасында екінші кездесу өтуі мүмкін бе?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) екінші кездесу туралы (реванш) туралы ойымен бөлісті.

"Бұл драмаға толы кездесу болмақ. Қазіргі уақытта бұл - бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу. Алдымен бірінші кездесудің қалай аяқталатынын көрейік. Сонан соң екінші кездесу туралы әңгіме қозғайтын боламыз", - дейді Головкин Ring TV арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, келісім-шарт бойынша боксшылар арасындағы екінші кездесуді өткізу құқығы екі түрлі. Егер бірінші кездесуде Головкин жеңіске жететін болса, ол "Канелоға" реванш беруге міндетті. Егер мексикалық боксшы жеңіске жетсе, келесі қарсылас ретінде кез-келген боксшыны таңдай алады.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан орыс қызы намазға жығылды (фото)

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні 20 мың жанкүйерге арналған Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді. Бұл спорт кешенінде мексикалық боксшы екі рет жекпе-жек өткізсе, қазақстандық боксшы бірінші рет жұдырықтасады.

Жекпе-жекте Головкинге тиесілі төрт чемпиондық белбеудің барлығы ортаға салынады. Ал "Канело" болса The Ring журналының арнайы белбеуін қояды. HBO телеарнасы кездесуді ақылы жүйе бойынша (PPV) тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522085-golovkin-men-kanelo-arasynda-ekinshi-k.html