RU

Сұлу болып көріну үшін миллиондап қаржы шашатын астаналық арулар кімдер? (фото)

Кез келген ару сыртқы келбеті мен сән-сымбатына ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Алайда мінсіз сұлулыққа қол жеткізу үшін қыруар қаражат жұмсауға кетәрі емес бойжеткендер күн санап артып келе жатқандай. Бұл тұрғыда еліміздің бас қаласы Астанадағы сылқым бойжеткендер келбетінің мінсіз сұлу болып көрінуі үшін қанша қаражат жұмсауға дайын? NUR.KZ порталы сауалнама жүргізу арқылы бұл сұрақтың шешімін табуға тырысты.

Астаналық Баян Рамазанова есімді келіншектің айтуынша, ол өзінің күтіміне қаражатты аямайды. Ол ай сайын жай ғана косметикалық процедураларға қыруар қаржы жұмсайтын, өзінің бет әлпетіне аса кірпияздылықпен қарайтын келіншектер қатарынан.

«Қасыма жасаған соңғы татуажыма 30 мың теңгедей ақша кетті. Ал өңдеу процедурасына жарты жылда бір рет 15 мың теңгедей жұмсап тұрамын»,- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Аша Матайдың мектеп бітірген інісі бойжеткендерді өзіне ғашық етті (фото)

«Бет күтіміне келер болсам, айына шамамен 15 мың теңгедей қаражат жұмсайды екенмін. Бұдан бөлек қызымды омыраудан шығарғаннан кейін, оған ота жасату туралы шешім қабылдадым. Ал жалпы бұған 1 500 000 теңге қаржы жұмсалды», - дейді бойжеткен.

Ал Астана көшелеріндегі арулардың басым бөлігі косметика мен ай сайынғы сән салондарына кетіретін қаражаттың аз болмайтынын мойындап отыр. Мәселен, сауалнамаға қатысқан қыздардың жартысына жуығы (ред. - 44%) ай сайын маникюр мен педикюр процедураларына шамамен 5-6 мың көлеміндегі қаражат жұмсайтынын айтты.

Жалпы есеппен алғанда, бойжеткендер жыл сайын 50-120 мың теңгеге жуық қаражатты тек қана тырнақ күтіміне жұмсайтын болып шықты.

Одан бөлек, қасқа татуаж жасатып, оны өңдеуге ай сайын 5-7 мың теңге көлеміндегі қаражат кетіреді екен. Мәселен, перманентті татуаждың бір реттік құны 15-30 мың аралығында болса, оны екі ай сайын бір рет барып түзетіп отыруға бастапқы бағаның жартысына жуық қаражат жұмсайды. Сауалнама қорытындысы бойынша тек қасты жөндеуге арулар жылына 240 мың теңгеге жуық ақша жұмсайтын болып шықты.

Тағы оқыңыздар: Кіндігін ашып суретке түскен Кәмшат Жолдыбаеваны ел жерден алып, жерге салды (фото)

Бойжеткендердің басым көпшілігі соңғы кездері жасанды кірпік жабыстыруға әуес. Сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы жасанды кірпік жабыстыратынын айтты. Ал оған ай сайынкемінде 5-10 мың теңге, тіпті 20 мың теңгеге дейін беруге әзір. Ал жыл сайын 240 мың теңгеге жуық қаржыны кірпік шеберлерінің (лэшмэйкер) қалтасына салып береді екен.

Айта кетерлігі, шаһар келіншектерінің бет күтіміне жұмсайтын шығындары шаш етектен көрінеді. Мәселен, олардың жартысынан көбі тек бір айда ғана косметолог қызметі үшін өз қалталарынан 5-8 мың теңге төлейді.  Олардың арасында тіпті айына 20 мың теңгеге бет күтіміне қатысты түрлі процедураларға баратынын айтты. 1 жылда қанша қаражат жұмсайтынына келер болсақ, бұл сома 240 мың теңгеге жуықтайтынын аңғарамыз.

Тағы оқыңыздар: "МузАрт" тобының арт-директоры айдай сұлу жарының туған күнін өзбекше тойлады (фото)

Сауалнама барысында, арулардың ай сайынғы шашты қию мен оның күтіміне жұмсалатын қаражат та анықталды. Шаш қию, шаш күтімі, шаш бояу секілді өзге де шаштараз қызметіне орта есеппен алғанда  180 мың теңге шығын кетеді.  Бұғадан бөлек шугарингке (ред. - денедегі артық түктерді кетіру процедурасы) жылына 60 мың теңге жұмсалады.

Сауалнама қорытындысы бойынша, астаналық сұлулардың 1 жыл ішінде өзін-өзі күтуге кететін шығынының 1 110 000 теңгеге тең болған.

Баянның айтуынша, оның бетке арналған бір кремінің өзі  21 000 теңге тұрса, бет күтіміне қажет косметика жиынтығының (күндізгі, түнгі крем, бетті жуып, қалпына келтіруге арналған гельдер) бағасы – 110 000 теңге.

Сонымен бірге ол әлеуметтік желідегі жазбасында айына 50 мың мен 120 мың аралығында ақша жұмсайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522114-sulu-bolyp-korinu-ushin-milliondap-qar.html