RU

Жекпе-жекте қатты соққы алған боксшы бірден комаға түсіп кетті

25 жастағы мексикалық боксшы Даниэль Франко 30 жастағы америкалық боксшы Хосе Хароданнан нокаутпен жеңіліп, қатты соққы салдарынан бірден комаға түсіп кетті деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Fightnews хабарлағандай, боксшыны жедел түрде емханаға жеткізіп, ары қарай миына қан құйылуды тоқтату үшін ота жасаған. Бірақ спортшының жағдайы нашарлап, оны жасанды комаға ауыстырған.

Франконың қазіргі жағдайы туралы менеджері Рэй Чаппаро мәлімдеме беріп, оның жағдайы алдағы тәулікте белгілі болады деді.

Тағы оқыңыздар: Өзбек әйелден әбден қорлық көрген өгей қыз депутаттан көмек сұрады (фото)

Франконың жанкүйерлері оның отасы мен алдағы шығындарына жету үшін шамамен 13 мың доллар қаржы жинаған.

Кәсіби рингке Даниэль Франко 2010 жылдан бері шығып жүр. Осы уақытқа дейін ол 21 жарыс өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен: 11 нокаут, 2 рет жеңіліс, 3 сайыс тең түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522132-zhekpe-zhekte-qatty-soqqy-alghan-boksshy-b.html