RU

Ақтөбеде ішімдікке салынып кеткен жігіт имамға келгеннен кейін арақтан бас тартқан

Имамдарға дін тұрғысынан ғана емес әлеуметтік көмек, отбасылық жағдайын айтып келетіндер де көп. Ақтөбедегі діни ахуалы күрделі Темір ауданына Алматыдан келіп, жұмыс жасап жатқан жас имам Мадияр Пірімқұлов ауылда көмек сұрайтын адамдардың көп екенін айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Жағдайларын айтып, жат ағымды жүрген келіншектер «үй-күйім жоқ» деп көмек сұрайды. Мешітке әртүрлі адамдар келеді. Өткенде бір ағамыз келді. Баласы араққа салынып кеткен. Неше жылдан бері берекесі қашқан. Сол баланы бізге әкелді. Жеке өзім сөйлестім. Бала мешітке келіп жүр. Ол туралы толық адам болып кетті деп айту қиын. Бірақ, қазір ішімдік ішпейді. Мешітке келіп уағыздар тыңдайды», - деді Темір ауданының бас имамы Мадияр Пірімқұлов.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Шалқардың полицейлері той кортежін бастап жүріп, видеоға түсіп қалды

30 жасынан имамдық қызмет атқарып жүрген жас жігіт имам болудың жеті атасынан бар екенін де айтты.

«Ағаларым, нағашыларым имам болған. Имамдық жеті атамнан келе жатқан нәрсе. Үйде бізді анамыз тәрбиеледі», - дейді жас имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522235-aqtobede-ishimdikke-salynyp-ketken-zhi.html