RU

Өзбекстанда ұрылар үй иесінің ащы даусынан қорқып, қашып кетті

11 маусымға қараған түні Өзбекстанның Самарқан облысы, Нарпай ауданының әкімі болған марқұм Акбар Жамиловтың үйіне маска киген адамдар шабуыл жасап, қожайынынан ақша талап еткен деп жазады Centralasian.org.

Самарқан облысы Ішкі істер басқармасы қызметкерінің сөздеріне қарағанда, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның сөздерінше, банкте жұмыс істейтін бұрынғы әкімнің 25 жастағы немересі шабуылды ұйымдастырды деп күдікке ілініпті.

"Марқұм әкімнің немересі Надир және Бахтияр деген екі жұмыссыз жігітті әжесінің үйіне ұрлық жасауға тапсырма берген. Екеуі қара маска киіп, Жамиловтардың үйіне түскен. Сол түні үйінде қарт әжей мен немересі ғана болған. Екі жігіт немерені кепілге алып, әжейден ақша сұраған. Әжей қорыққанынан қатты айқайлаған. Әйелдің даусынан ұрлыққа түскендердің өздері қорқып, қашып кеткен. Кейін екеуі де қолға түсті.

Қылмыскерлер бұрынғы әкімнің немересі тапсырыс бергенін мойындады. Олардың бәрі қазір тергеу абақтысында", – деп хабарлады Самарқан облысы ІІБ қызметкері.

Тағы оқыңыздар: Өзбек әйелден әбден қорлық көрген өгей қыз депутаттан көмек сұрады (фото)

Акбар Жамилов Нарпай ауданын ондаған жылдар бойы басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522270-ozbekstanda-audan-basshysynynh-nemere.html