RU

Әлемдегі ең қарт әже етегін ешбір еркек көтермегенін айтып мақтанды (фото)

Шотландия тұрғыны Клара Мидмор жасы 105-ке келсе де әлі "етегін жел көтермегенін" айтып, жұртты таң қалдырған болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы billionnews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ең қарт "пәк қыз" атанған кейуана ұзақ жасауының құпиясы пәктігінде деген пікірде. Ол төсек қатынасы әйел өмірін қысқартатынына сенімді.

"Төсек қатынасына түсуге ешуақытта құмарлығым оянған емес. Өмірімде жігітім болған емес. Оған еш өкінбеймін. Себебі, қарым-қатынас деген тым ауыр", - дейді Клара.

1903 жылы Глазгода дүниеге келген Клара 105 жасқа толғанында БАҚ өкілдеріне "пәктігі" туралы айтып беріп, ағынан жарылған болатын.

Тағы оқыңыздар: Сұлу болып көріну үшін миллиондап қаржы шашатын астаналық арулар кімдер? (фото)

"Менің заманымда жыныстық қатынасқа тек күйеуімен түсуге рұқсат етілетін. Ал мен 12 жасымда ешқашан тұрмысқа шықпаймын деп өзіме серт бергенмін", - дейді кейуана.

Корнуолл қаласындағы қарттар үйін паналаған Клара 105 жасқа келгенде ІІ Елизавета патшайымнан құттықтау жеделхатын алған. Дәрігерлер сол кезде Мидмордың денсаулығы мықты болғанын айтуда. Себебі, кейуананың жүйке жүйесінде бірде-бір ақау болмаған.

"Ол ешуақытта ер адаммен ұрысып, оның опасыздығын басынан кешірген емес. Баланы дүниеге әкеліп, ол үшін алаңдаған емес. Оның өмірінде қарапайым әйелдермен салыстырғанда күйзеліс азырақ болды. Сол себепті ол ғасырдан артық жасады", - дейді дәрігер Джоси Харви.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522335-alemdegi-enh-qart-pak-qyz-tosek-qatynas.html