RU

Жансейіт Түймебаев соғыс алаңына ұқсайтын ауылдың келбетіне күйінді (фото)

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев "соғыс алаңына ұқсайтын ауылдың келбетіне" күйініп, аудан әкімдерінің жұмысын қатаң сынға алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімі Ордабасы ауданына жасаған арнайы іс сапарында, атқарылған жұмыстардан бөлек, Төрткөлдегі тозығы жеткен нысандарға назар аударды. Орталық көшені жаяу аралаған Қансейітұлы, тұрғындардың тыныс-тіршілігін сынға алды. Үйлердің сиқын соғыстан қалған көрініске ұқсатпай, ұқыпты етіп ұстауға шақырды.

Тағы оқыңыздар: Шавкат Мирзияев Назарбаевқа телефон арқылы алғыс айтты

"Су қайда? Су болу керек қой? Санитарлық талапқа бәрі сай болу керек. Мынау не? 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз", - дейді Жансейіт Түймебаев.

Облыс басшысы аудан әкімінің де атқарып жатқан жұмыстарын қатаң сынады.

"Сіздердің негізгі жұмысыңыз халыққа жағдай жасау. Сонда қалай, осылай қала бере ме? Барлық мүмкіндікті пайдаланып, еті тірі басшы оның бәрін жасау керек. Қаржы да бөлініп жатыр, қайда оның бәрі?", - дейді Жансейіт Түймебаев.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО картасында Қырымды Ресейге қосып қойғандардың басы дауға қалды

Әкім іссапар барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Бірақ олар да ауылдарының кемшілігін айта қойған жоқ.

"Бұл үлкен проблема. Ауылдың келбеті, мәдениеті осындайдан құралады. Қазір сіздерге шетелдік қонақтарды алып келейін деп едім. Енді қалай келеміз? Біреулер өтіп, осындай бір жерге тоқтап, "соғыс болып жатыр ма?" деп сұрапты. "Бомба түсті ма?" деп", - дейді әкім.

Халықтың осы секілді өзге де мәселесін шешу, аудан әкім Алмасбек Мамытбековке жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522372-zhanseyit-tuymebaev-soghys-alanhyna-uqs.html