RU

Оралда дәрігерлер талмасы ұстайтын баланың сырқат екеніне сенбей қойды

Оралда дәрігерлер кішкентай баланың талмасы ұстайтынына сенбей, анасынан бұл жайттың видеодәлелін сұраған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой городқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Баласының науқас екеніне дәлел сұраған дәрігерлер ерлі-зайыптыны аң-таң еткен. Нұрхат Елеусінов осы жылдың 23 маусымында екіге толады. Балалардың церебраль сал ауруы және эпилепсия дертіне шалдыққан бүлдіршін күлуден қалған.

Тағы оқыңыздар: Перзентханада ауысып кеткен сәбилердің анасы қасиетті Құран арқылы табылды

Нұрхаттың ата-анасы Кристина мен Нұрлан баласының екпеден кейін ауыра бастағанын есіне алды.

"Аяғына екпе салғанда ол қатты шошып қалды. Бір аптадан кейін аяқ асты селкілдейтінді шығарды. Мен қатты шошып, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдым. Алайда олар бізге жеткенге дейін діріл тоқтап қалатын. Ал балалар емханасы сөзіме сенбей, талмасы ұстаған сәтті видеоға түсіріп, дәлелін әкелуімді сұрады. Видеоны көрсеткеннен кейін ғана олар дабыл қағып, бізді неврология бөліміне жатқызды", - дейді Кристина.

Кристина бір жыл бойы баласына дұрыс ем жасалмағанына күйінді.

"Баламыздың жағдайы түзелмей жатқасын Астананың емханасына бардық. Олар оралдық дәрігерлердің қойған диагнозы мен тағайындаған еміне аң-таң болды. Бір жасар балаға емханада мүлде балаларға беруге болмайтын ауыр дәрілер беріп келген. Жаңа ем тағайындалғаннан кейін ұлым сәл жақсарып қалды. Талмасы күнде ұстауын қойды. Дегенмен талмасы бұрынғыдан ұзаққа, 30 минутқа созылатынды шығарды", - дейді Нұрлан.

Тағы оқыңыздар: Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Баласының тезірек айығуын қалайтын отбасы Нұрхатты Ресейдегі білікті дәрігерге қаратпақ. Алайда бұған қомақты қаражат қажет екен. Ал қарапайым жүргізушілікпен нәпақасын тауып отырған отбасыға бұл қиынға соғуда.

Олар Тольяттиде баласын емдету үшін әзірге кемінде 500 мың теңге керектігін айтып отыр. Нұрхатқа көмектескісі келетін қолы ашық жандар 8(707)-456-59-82 нөміріне хабарласа алады.

Ақша аударамын десеңіз: "Казкоммерцбанк": 4003 0327 3013 6308 , Елеусинова Кристина Владимировна. Киви-әмиян: ±77074565982.

Кристина Кобинаның материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522523-oralda-darigerler-anasynan-balasyny.html