RU

Перзентханада ауысып кеткен сәбилердің анасы қасиетті Құран арқылы табылды

АҚШ-та перзентханада ауысып кеткен нәрестелердің анасы қасиетті Құран кітабы арқылы табылды деп хабарлайды islam.kz.

Белгілі болғандай Америкада екі әйел қатар, бір уақытта босаныпты. Біреуінде ұл, екіншісінде қыз екен. Медбикелердің бірі екі нәрестені ауыстырып алыпты. Ендігі жерде екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де "мен тудым" деп ұлға жармаса беріпті. ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды. Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады.

Ал басшылықта отырған дәрігер "Бұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер" деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады. Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:

Америкалық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойлайсыздар ма?

Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.

Тағы оқыңыздар: Жансейіт Түймебаев соғыс алаңына ұқсайтын ауылдың келбетіне күйінді (фото)

Содан америкалық оған болған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: "Екі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған", - деп жауап беріпті.

Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: "Ұл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?" - деп сұрайды таң-тамаша болып.

Ол болса: "Бұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында "...Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады", - деген. Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек" - деген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522553-perzentkhanada-auysyp-ketken-sabiler.html