RU

5 жастағы бала елдің көзінше тұншығып жатса да, оны ешкім елемеді (видео)

Хельсинкидағы бассейндердің бірінде болған жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалған деп жазады quibbll.com порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Белгілі болғандай 5 жастағы бала көпшіліктің көзінше үш минут бойы бассейнде тұншығып, артынша есін жоғалтқан. Жантүршігерлік жағдай үлкендердің көз  алдында болса да, суға батып жатқан балаға ешкім назар аудармаған.

Тек су бетінде баланың жансыз денесін байқаған демалушылардың бірі бүлдіршінді құтқарып, ажалдан арашалап қалады.

Видеоны Imgur желісінде жария еткен адамның айтуынша, балақайдың анасы бұл кезде саунада болуы мүмкін. Алайда бұл нақты ақпарат емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522607-5-zhastaghy-bala-eldinh-kozinshe-tunshyghyp-zh.html