RU

Шетелдік қонақтардың бірі Астанадағы такси жүргізушісіне оңбай алданып қалды

Астанада такси жүргізушісі Германия азаматын алдап кетті. Ол шетел азаматынан әуежайдан Сәтбаев көшесіндегі қонақүйге жеткізгені үшін 19 мың теңге сұраған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қонақүй менеджерінің айтуынша, Astana Taxi жүргізушісі шетелдіктен алдымен 16 мың теңге талап еткен.

Алайда шетелдік азамат оған кесек 20 мыңдық бергенде, жүргізуші тек бір мыңдығы барын алға тартып, жолақысына 19 мың теңге алыпты.

Оңбай алданғанын кейінірек біліп алған зардап шегуші полицияға шағым түсірген.

Тағы оқыңыздар: Құдай бере салған әдемі келбетін адам шошырлық күйге түсірген 10 адам

Еске салсақ, бұған дейін Астанада шетелдіктен жолақысына 40 мың теңге алған өзге такси жүргізушісі жұмыстан қуылған хабарланған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522780-taghy-bir-taksi-zhurgizushisi-astanada-sh.html