RU

БАҚ: Мұратхан Тоқмәдидің қылмыс әлеміндегі былықтары ашылды (фото)

12 маусым күні "КазСтройСтекло" зауытында тінту жүргізіліп, оның директоры Мұратхан Тоқмәди қамауға алынған болатын. КТК арнасы белгілі кәсіпкердің қылмыс әлеміндегі былықтары туралы бірқатар ақпаратты жинады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Депутаттық корпус" атты қылмыстық топтың лидері деп танылған күдіктінің есімі қылмыстық тергеулерде талай аталып келгенімен, ол жазасыз құтылып кетіп отырған. КТК тілшілеріне Мұратханның қылмыс әлемінде қатыгездігімен танылып үлгергенін көрсететін бірқатар құжаттар келіп түсті.

Мәселен, 1999 жылы Қытай азаматы, "Ялян" сауда орталғының президенті Мұратхан есімді азаматтан қорлық көріп жүргенін айтып, полицейлердің көмегіне жүгінген. Өз шағымында бизнесмен Сян Дун Мұратханның одан және «Ялян» директоры Сәкен Сәбиғазыұлынан 100 мың доллар бопсалағанын жазады. Ақшаны беруден бас тартқан Сәкен аяусыз соққыға жығылыпты.

Тағы оқыңыздар: Тағы бір шетелдік қонақ астаналық такси жүргізушісіне оңбай алданып қалды

Нәтижесінде ол ауыр жарақаттармен емханаға түседі.

Қорқып қалған бизнесмендер рэкетирлерге ақша беруге келіскенімен, кейін полицейлерге шағымды бората бастайды. Нәтижесінде халықаралық жанжал туындап, Қытай елшілігі бұл жайтқа қатысты Қазақстанға хат жолдайды.

Тергеу барысында кәсіпкерлерге қоқан-лоққы көрсеткен азамат Тоқмәдиев Мұратхан Шәкірханұлы екендігі анықталған.

Ол сонымен қатар, қолына қару алып, "Рахат" базарының аймағын өз бақылауына алу үшін "Төрт ағайынды" қылмыстық тобымен күрескен екен. Мұратханның үстінен қозғалған қылмыстық іс сол күйі тоқтап қалыпты.

Полицейлердің ақпаратына сәйкес, үш жыл бұрын Тоқмәдиев Алматыдағы «Шелковый путь» мейрамханасы алдында келушілерге оқ жаудырып, милиционер Аван Хайдаров пен сол маңда болған 19 жастағы Айбек Мағауовты жарақаттайды.

Тағы оқыңыздар: Алла Пугачева немересінің тойына млн долларлық қымбат сыйлық жасады

Алайда сол кезде де қылмыстық әлемде Мурка есімімен танымал болған Мұратхан жазасыз қалған. Телеарна мәліметіне сүйенсек, оны бүгінде ақша бопсалады деп айыптауда.

Дереккөз: КТК

Еске салсақ, бұған дейін белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қамауға алынғаны хабарланған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522878-baq-muratkhan-toqmadidinh-qylmystyq-al.html