RU

Жануарларға таланып, мұрынсыз қалған қызды ата-анасы тастап кетті

АҚШ-тағы Огайо штатының 44 жастағы тұрғыны Үндістаннан мұрны жоқ қызды асырап алып, оны ерекше бақытқа бөледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кристен Уильямс ұстаз болып қызмет етеді. Мұрны жоқ қызды асырап алу үшін арнайы Үндістанға аттанған әйелдің мейіріміне талай жұрт тәнті болған.

Тағы оқыңыздар: Күйеуінен кек алу үшін өз қызын сабаған келіншек баласын қайтарып алды

Алдымен ол екі жылдай жетімдер үйінде тұрған кішкентай Мунниді асырап алады. Маңдайында тыртығы бар қыз өте тұйық болғандықтан, бәрі оны асырап алудан бас тартып келген. Алайда әйел Мунниді ғана емес, мұрны жоқ Дурга есімді қыз баланы да асырап алған.

Мұрны жабайы жаунарларға таланған қыз баланы ата-анасы тастап кетіпті. Дегенмен Кристен оларға қымбат ота жасатып, дәрігерлер Дурганың мұрнын қалпына келтірген.

Бақытты қыздар бүгінде адам танымастай өзгеріп, асырап алған анасына шексіз алғысын білдіруде.

Тағы оқыңыздар: Астана әкімдігі үйлері құлағалы тұрған отбасыға киіз үй тігіп беріпті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522902-murny-zhoq-qyzdy-asyrap-alghan-ayel-ony-e.html