RU

Күйеуінен кек алу үшін өз қызын сабаған келіншек баласын қайтарып алды

Төрт жасар қызын сабап, аналық құқынан айырылған павлодарлық Нұргүл Докуова баласын қайтадан өз тәрбиесіне алатын болды. Бүгін өткен сот отырысында осындай шешім шығарылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Шешесінен таяқ жеген кішкентай Айлин жарты жыл бойы әкесінің тәрбиесінде болған. Осы аралықта 35 жастағы Нұргүл Докуованың ақыл-есі мен үй-ішінің дұрыстығына көз жеткізген арнайы комиссия қызды қайта анасының қамқорлығына беруді жөн санапты.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да ірі жол апатынан бір әйел мен кішкентай екі бала қаза болды

Балабақшадағы тәрбиешілердің айтуынша, қазір бүлдіршіннің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы. Ал аналық құқына былтыр желтоқсанда шектеу қойылған Нұргүл Докуованың өзі осы аралықта қызын әкесінің рұқсатымен ғана көріп, үйіне де жиі әкетіп отырыпты.

Бастапқыда немересінің тәрбиесімен айналысам деген Айлиннің әжесі кейін өзі тұратын Ресейге кетіп қалған.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксын мойындаған пәкістандықтар бас бапкерді Қазақстаннан шақырды

Естеріңізге салсақ, былтыр қазанда төрт жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті жұрттың ашуын туғызған еді.

Кейін ғаламторда тарап кеткен таспаны қатыгез әйел күйеуінен өш алу үшін түсіргені белгілі болған. Ал соңы мұндай дауға ұласады деп ойламаған Докуова қызына ыза үстінде қол көтергенін айтып, енді мұндай жайт қайталанбайды деп ант-су ішуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1522958-kuyeuinen-kek-alu-ushin-oz-qyzyn-sabagha.html