RU

Қылмыскер қызға әзірбайжандықтар ессіз ғашық болуда (фото, видео)

Ұрлық үшін қамауға алынған Әзірбайжандағы Шамкирск ауданының 23 жастағы тұрғыны Саида Керимова аз уақыттың ішінде өз елінде танымал болып үлгерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

1news.az мәліметіне сәйкес, Facebook және өзге де желілердің қолданушылары Саиданы "бакиндік қылмыстың сұлулық патшайымы" атап кеткен. Фотодағы ерекше көрікті арудың сыбайласымен бірге ұрлық жасағанына сену қиын.

Тағы оқыңыздар: Күйеуінен кек алу үшін өз қызын сабаған келіншек баласын қайтарып алды

Саида Керимова сүйіктісі Исрафил Гусейновпен бірге жергілікті тұрғынның шағымынан кейін қамауға алынған. Олар Егяна Исаевадан «Нефтчиляр» метро станциясында әмияны мен алтын алқасын тартып алыпты.

Екеуі де өз кінәсін мойындап отыр.

Тағы оқыңыздар: Астана әкімдігі үйлері құлағалы тұрған отбасыға киіз үй тігіп беріпті

Керимова енді сотта жауап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523120-enh-ademi-qylmysker-ayel-azirbayzhandy.html