RU

"ЭКСПО" көрмесіне келген" "Ким Кардашьян" жұрттың назарын өзіне аударды (видео)

Әлеуметтік желілерде "ЭКСПО" көрмесіне келген" жаңа "Ким Кардашьянның" видеосы таралды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, көрікті ару "ЭКСПО" көрмесіндегі Бразилия павильонында тұрған-ды. Кей желі қолданушылары бойжеткен қазақстандық екенін, ал бразилиялықтар оның көркіне тәнті болып, әдейі жұмысқа алғанын жазуда.

Басылым бойжеткеннің қай елдің өкілі екенін анықтап көруге тырысты. Нәтижесінде оның Латын Америка моделі Линча Чика екенін белгілі болған. Ал видео ЭКСПО-да емес, Еуропадағы автокөрмеде түсірілген екен.

Тағы оқыңыздар: Күйеуінен кек алу үшін өз қызын сабаған келіншек баласын қайтарып алды

Дегенмен кез келген көрмеде павильонға адам тартып, жұртты өзіне қарату үшін көрікті қыз жетіп жатқаны бұл видеодан байқалып қалды.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523168-ekspo-kormesine-kelgen-zhanha-kim-kard.html