Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық шоу бизнестегі туысқандар

Опубликовано:

Шоу бизнесте биікке көтеріліп, жұлдыз болу - дарыны мен талабы бар көптеген жастың арманы. Алайда бұл тұста бақ пен баптан басқа, тамыр-танысыңның мықты болуы да үлкен рөл атқаратыны бесенеден белгілі.  NUR.KZ порталы отандық шоу бизнестегі "жұлдыздар династиясын" назарларыңызға ұсынады.

Баян Мақсатқызы мен оның жақындары

Аша Матай - Баянның әпкесі Бәтес Мұхитденованың қызы.

Продюсер Бағым Мұхитденова Баянның туған сіңлісі екені елге мәлім.

Ал продюсердің қызы бүгінде БАҚ беттерінен түспейді. Ол интернет желісінде авторлық бағдарламасын жүргізіп, тележүргізушілікке бет бұрған.

Жұлдызды отбасына бүгінде күйеу бала болған Арман Қоңырбаев та қосылған.

Музыканттар отбасы - Серкебаевтар

Ермек Серкебаев - Кеңес одағына аты танылған опера әншісі.

Байғали Серкебаев - Ермек Серкебаевтың ұлы. Ресейге танымал "А-студио" тобының белді мүшесі болған.

Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева - Ермек Серкебаевтың інісінің қызы.

Рымбаевтар

Бүгінде Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаева сынды дарынды музыканттардың екі ұлы да өнер әлеміне ден қойған.

Бастапқыда Әли Оқапов әншілікке бет бұрса, араға уақыт салып інісі Мәди де жеке ән жаза бастады.

Жолдасовтар

Лұқпан Жолдасовтың ұлы мен қызы да өнерде жүргені белгілі.

Әнші ұлын кішкентайынан гитарамен сахнаға шығарған. Ал қызы Фариданы ел жастайынан ән айтып жүрген кезінен бастап таниды.

Құдайбергеновтер

Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтер - домбырамен ән айтып, сахнаға шыққан өнерлі жұп. Бір қызығы, олардың бес баласы да өнер жолына түсіп, бірі әнші, бірі биші, енді бірі күйші ретінде танылды.

Олардың ішіндегі ең танымалы - Ерболат Құдайбергенов болса, кіші қызы Салтанат та ағасының жолын қуып, эстрадада өз бағын сынап жүр.

Лидия Кәденова мен оның жақындары

Танымал әзілкеш, ел сүйіктісіне айналған актриса Лидия Кәденованың жақындары да шоу бизнестің қақ ортасында жүр.

Мәселен оның сіңлісі Роза Кәденованың қызы Динара Қырықбаева кішкентайынан клип түсіріп, жеке альбомын да шығарып үлгерген. Кейіннен ол әншіліктен бөлек тележүргізушілікпен де айналыса бастады.

Лидияның жалғыз ұлы Дидар Кәден болса анасының жолын қуып, актер атанды. Ол отандық кинокартиналарда басты рөлдерді сомдап, ел киноиндустриясының дамуына елеулі үлес қосып жүр.

Ал жуырда ол желінің "жұлдызына" айналған жары Айымның да киноға түсуіне қарсы еместігін, Арман Дүйсенов қолға алған фильмде басты рөлді сомдайтынын жеткізген.

Осылайша оның ұлы мен келіні де жұлдызды жұпқа айналса, таңғалмаңыз!

Махмудилер отбасы

Сиви Махмуди бастапқыда түрлі сұлулық байқауларына қатысып, шоу бизнеске бет бұра бастаған. Кейіннен ол ән айтып, киноға түсіп, жеке киім желісін, продюсерлік орталығын ашып, бірден бірнеше істі қолға алып, бизнесвумен атанды.

Тұрмысқа шығып, сахнадан жырақтап кеткен Сиви бұдан бір жыл бұрын шоу бизнеске қайта оралды. Бүгінде ол және оның отбасы БАҚ бетінен түспейтін болған.

Сивидің туыстары да өзі сияқты өнерлі. Мәселен, оның ағайындас інісі Шерәлі де ән айтып, сахнадан түспейтін.

Ал бизнесвуменнің туған інісі Марсель де ән жазып, киноға түсіп жүр. Жуырда ол "Мажоры" деп аталатын кинокартинаны ел назарына ұсынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1523226-zhuldyzdar-dinastiyasy-tuystar-zhaylagh/

pixel