RU

Алматыда қырқынан шықпаған шақалақ өлім аузында жатыр (фото)

Алматыда қырқынан шықпаған шақалақ өлім аузында жатыр. Туабітті пайда болған қауіпті еттің өскіні бір айлық Мұхаммед Әлиді қинап біткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Туғанына 29 күн болған Мұхаммед Әлиге жылаудың өзі қиын. Ауруы күн өткен сайын дендеп, әбден әлсіреген. Қос кесел нәрестеге туабітті жабысқан. Ал, қазір жағдайы сәт сайын нашарлап барады. Бала өсудің орнына, салмақ жоғалтуда. Бұған қоса, қазір ол ата-анасымен бірге қара суық бөлмеде тұрып жатыр.

"Мен өзім 60-65 мың, күніне үш мың теңгеге істеймін. Жұмыс болса істеймін, жұмыс болмаса үйдемін", - дейді Мұхаммед Әлидің әкесі Ахметжан Саитов.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір әйел мен кішкентай екі бала қаза болды

Қамкөңіл ата-ана баласының ауру болып туылуына Қоянқұс ауылының дәрігерлерін кінәлап отыр. Жүктілік кезінде инфекция ерте анықталғанда, сәби сап-сау болып туылар еді дейді олар.

Ал дәрігерлердің өз айтары бар. Сөздеріне сенсек, Мұхаммед Әлидің анасы мұнда уақытылы келмей, тиісті сараптамалардан кешігіп қалған.

"Біз -генетикалық анализді протокол бойынша, 10-14 апта арасында аламыз. Бұл одан кеш келген. Ол анализді біз жасамадық. Уақытында қаралуы керек еді. Уақытында қаралмады", - дейді Қоянқұс ауылдық амбулаториясының акушері Ләйлә Амантаева.

Дегенмен, қазір кінәлілерді іздеп отыратын кез емес. Баласының ертеңіне алаңдаған ата-анада ақ халаттылармен соттасып жүретін де шама жоқ. Өйткені, перзентіне тез арада екі ота жасату керек.

Екі ота да тым қауіпті. Сондықтан, отандық дәрігерлер тәуекелге барудан қорқып отыр. Өмір үшін күрескен нәрестеге түркиялық мамандар көмектесуге дайын. Бірақ, тек операцияның өзіне 17 мың доллар қаржы керек. Ал, мұны қалтасы көтермейтін отбасы қайырымды жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Kaspi Bank №KZ02722R000135355111

Кебирова Азиза Мулутовна

87079361357 Ахметжан

87079361357 Азиза

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523246-almatyda-qyrqynan-shyqpaghan-shaqalaq-o.html