RU

Желіде полицейлерді тілдеген қыз жарты миллион айыппұл төлейтін болды

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерін балағаттағаны үшін 26 жастағы Павлодар тұрғыны жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар» қауымдастығында пайдаланушылардың бірі құқыққорғау органдарының өкілдеріне тіл тигізген.

Полиция қызметкерлерін балағаттағаны үшін тәртіп сақшылары облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын анықтады және қамауға алды.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік келіншек күйеуіне бала туып беретін жас қыз іздеп жүр (фото)

"26 жастағы әйел адам өзінің әрекеттері заңсыз екенін сезіне отырып, полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін тұрпайы лексика қолданған. Бұзақылыққа жол берген азаматша қамауға алынып, өз кінәсін мойындады. Аталмыш фактіге қатысты ҚПК 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру тағайындалды. Ол 300 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу түрінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ заңға сәйкес 240 сағаттық мерзімге дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 75 тәулікке дейін қамауға алу жазалары қаралған", - дейді баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523275-zhelide-policeylerdi-tildegen-qyz-zhar.html