Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО көрмесінде бір кесе сорпаны 2800 теңгеден сатып жатыр (фото)

Опубликовано:

NUR.KZ тілшілері ЭКСПО көрмесінде туристерді немен және қаншаға тамақтандырып жатқанын анықтап көрді.

Көрмеде тілшілер алғаш болып кіріп көрген дәмхана - Жібек жолы павильонындағы үнді тағамдарын ұсынатын жер. Ол жерде көкөністерден жасалған «пакура» тағамы 800 теңге. 

Дәл осы ақшаға Шри-Ланка павильонынан ет және картоптан жасалған «годамбу» бәлішін жей аласыз. 

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда облыстық соттың судьясын өлтіріп кетті

Ал Польша павильоны тегін салат пен су ұсынып, таң қалдырды. Олардың қонақжайлығы елден ерекше болып шықты.

БАУЫРСАҚТАР ҚАЙДА?

Қазақстан павильонынан кішігірім сорпаны 2 800 теңгеге, бір шәйнек қара шайды 1800 теңгеге аласыз.

Белоруссия павильонынан да қазақ тағамын жеуге болады. Мұнда бес дана бауырсақты 300 теңгеге сатып аласыз. Тілшілерді турист деп ойлағандар тегін қымызбен қуантты.

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

Германия павильонында бір шөлмек минералды суды 1 450 теңгеге, ал көкөністен жасалған бәлішті 3 650 теңгеге, жылқы етінен әзірленген "жаркое" тағамын 5 200 теңгеге жей аласыз.

Монако павильонында да тағам қымбат болып тұр - кока-коланы мұнда 1 600 теңгеге, минералды суды 1000 теңгеге, салаттарды 4 000 теңгеге, ет тағамын 5 000 теңгеге бағалаған.

Қытай дәмханасы ең қымбаты болып шықты. Онда 8 000 теңгеге тамақтанасыз.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Бағаның қымбаттығын айтқан халыққа Сапарбаев жекіп тастады (видео)

Малайзия павильоны да тағамдарын қымбатқа қойған.

Тілшілер тайлық тағамнан дәм татқысы келіп еді, мейрамхана мүлде қаңыраған күйде болды. Тіпті даяшының көлеңкесі де көрінбейді.

АРЗАН ТАҒАМ ДА БАР

Көрмеде бәрі қымбат деп ойлап қалмаңыз. Сыртқа жайғасқан дәмханалардан 700-1000 теңгелік сэндвич немесе 950 теңгелік сорпа, 200 теңгелік шай сатып алуға болады.  

Алайда сусын бәрібір қымбат. Дегенмен Голландия павильонынан 180 теңгеге 0,5 литрлік су таба аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1523373-ekspo-kormesindegi-3200-tenhgelik-tushpara/

pixel