RU

Көкшетауда облыстық соттың судьясын өлтіріп кетті

Көкшетауда Ақмола облысының судьясы Жанна Бердіғұлованы өлтіріп кетті. Әріптестері оның қазасына көңіл айтуда.

Ақмола облысы ІІД өкілі Tengrinews.kz тілшісіне судьяның мәйіті 13 маусым күні табылғанын растады. Жаннаны қылмыскер буындырып өлтірген. Күдікті қамауға алынды. Ол бұған дейін істі болған екен. Әріптестері судьяның жақындарына көңіл айтуда.

"Менің әріптесім Жанна Бердіғұлова өмірден озды. Туыстарының қайғысына ортақпын. Ол бәрін өзіне жақын тартатын ерекше жарқын жан еді. Өз жұмысына адал Жанна біздің есімізде мәңгіге қалмақ", - дейді Сүлейменова Ұлболсын есімді желі қоладнушысы.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Бағаның қымбаттығын айтқан халыққа Сапарбаев жекіп тастады (видео)

"Ол небары 46 жаста еді. Әр жұмысы үшін ерекше толқитын... Өз туған қаласы Алматыны ерекше жақсы көретін", - дейді Елена Максюта.

Ашық дереккөзге сүйенсек, Жанна Бердіғұлова 1971 жылы үшінші қаңтарда дүниеге келген. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрайымы қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523401-kokshetauda-oblystyq-sottynh-sudyasyn.html