RU

Қайрат Нұртастың "Муз-ТВ" жүлдесі кезінде ұятқа қалғаны рас па? (видео)

Қайрат Нұртас қай шарада болсын еш уақытта орысша сөйлемеген әншілердің қатарынан екені белгілі. Тіпті орыстілді шараларда да қазақ тілінде сөйлейтін әнші бұл жолы Ресейдің әйгілі "Муз-ТВ" жобасына қатысып, жүргізуші Дмитрийдің сұрағына орысша жауап қатты. Алайда желідегілер оны сұраққа тиісінше жауап бере алмады деп сөгіп тастады.

Мәселен, шараны жүргізген Дмитрий Нагиевтің "Ресейлік жұлдыздармен дуэт айту жоспарыңызда бар ма?", - деген сұрағына әнші: "Нюшамен бізде жақсы дуэт болды, Нюшаны құрметтеймін, оған рахмет. Шақырғандарыңызға рахмет!", - деп жауап берген.

Әншіден жауап ала алмаған Дмитрий сұрақты қайта қойды. Бұл олқылықты жуып шайғысы келген әншінің маңында жүрген ұйымдастырушылардың бірі оған көмек беруге тырысты.

"Бәлкім Лепспен шығар?", - деді ол. Қайрат та іліп әкетіп: "Иә, Лепспен шығар, Меладземен", - деп күлді.

"Қайрат, орысша білмесең қазақша сөйлеуің керек еді", "Ой, Қайрат, неге дайындалып бармадың? Сұрақтарға бетімен жауап беріп тұрсың ғой", "Аудармашы алып бару керек еді", "Қазақша жауап айта ма десем, орысша айтты. Дұрыс емес", - деп жазды желідегі қолданушылар.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Бағаның қымбаттығын айтқан халыққа Сапарбаев жекіп тастады (видео)

Алайда Қайраттың орысша сөйлеуге міндетті емес екенін айтып, оны қолдағандар да аз болмады.

"Ол неге орысша сөйлеуі керек?", "Ол өзгенің тілін білуге міндетті емес", "Қайрат, сені қолдаймыз, орысша білуге ешкім де міндетті емес", "Мүмкін жай ғана қобалжыған соң түсінбей қалған болар?" - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523404-qayrat-nurtastynh-muz-tv-zhuldesi-kezin.html