RU

Бизнесмен: "Қазақпыз ғой" деген бір ауыз сөз парламент шеше алмайтын проблеманы шешеді

Белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына өзін толғандырып жүрген көптеген мәселелер туралы белсенді түрде жазып жүр. Ол Қазақстанда далаға кеткен 250 миллион үшін жеңіл жаза берсе, мұғалімді телефон қоңырауы үшін темір торға тоғыта салатынын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Менің атым - Қайрат. 33 жастағы бизнесменмін. Мен шексіз бақытты адаммын. Менің отбасым, сүйікті кәсібім мен адал достарым бар.

Мен өз елімді кемшіліктеріне қарамастан сүйемін. Бұл жерде заң әлсіз, бірақ рухы мықты халық бар (әсіресе Батыс Қазақстанда). Мұндағылардың жалақысы аз (Еуропамен салыстырғанда), бірақ дастарханы бай (қазақтар өздері аш отырса да, қонақтарының алдына бар тыққанын қояды). Мұнда жемқорлық бар, бірақ керемет дәстүр сақталған. "Қазақпыз ғой" деген бір ауыз сөз бүтін министрлік, парламент, Самұрық қазына шеше алмаған сұрақтардың шешімін тауып береді.

Мұнда Ұлттық банк халықтың 250 млн доллар көлеміндегі зейнетақы қоры далаға кеткені үшін жамбасынан шапалақпен жай ғана соқса, мұғалімді телефон қоңырауы үшін темір торға тоғыта салады.

Арзан мақтан мен ата-баба мұрасына бай елміз.

Менің атым Қайрат, және мен өзімді өзгертіп, елімді дамытуға тырысып жүргенім үшін қуаныштымын. Өйткені әкең сияқты, отанды да таңдап ала алмайсың", - деп жазады ол.

Қайрат Құдайберген Ақтөбеде үйі су астында қалған қыздың отбасына баспана сыйлаған кәсіпкер ретінде танымалдылыққа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523410-biznesmen-qazaqpyz-ghoy-degen-bir-auyz.html