RU

Оралдық кәсіпкер БҚО-да теңдесі жоқ халал асхана салмақшы (фото)

БҚО-ның Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің ауласында 300 орындық халал асхана бой көтермек.

Қасиетті Рамазан айындағы Омаровтар әулетінің бұл игі ісіне тұрғындар дән риза.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Каналин сәттілік тілеп, жеке кәсіпкерге алғысын айты.

«Бірде Алматы облысының, Қаскелең ауданының мешітіне барған болатынбыз. Сонда мешіттің жанынан кәсіпкерлер асхана салған екен. Соны көріп, маған да сондай бір ой келді. Оның үстіне Мейрамбек Ақылбекұлы да қолқа салып жүрген», — дейді Нұрбек Омаров.

Ал ауданның бас имамы Мейрамбек Абдрахмановтың айтуынша, асхананың салынуы мешіт жамағаты мен осы жердегі тұрғылықты халыққа қажет екен.

Өйткені садақа рәсімдері, әртүрлі діни іс-шаралар, ауызашарлар жасауға, ораза айт пен құрбан айт кезінде өте тиімді әрі пайдалы. Асхана бес айдың ішінде салынып бітіп, халық игілігіне берілмек.

Айта кетейік, тапсырушы «Бәйтерек» компаниясы болса, жергілікті мердігер «Ақсай Сәулет Сервис» ЖШС компаниясы жобалауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523427-oraldyq-kasipker-bqo-da-tenhdesi-zhoq-kha.html