RU

Сивидің інісі әкесінің гаражындағы бағасы 60 млн-ға тең көліктерімен мақтанды (фото)

Сиви Махмуди бүгінде шоу бизнестің жарқын өкілі ретінде танымал. Ол өнерімен ғана емес, сонымен бірге өзінің аста-төк байлығымен де елді қызықтырады. Жуырда оның інісі Марсель Махмуди әулетінің гаражында тұрған қымбат көліктерді көрсетіп, отбасының тағы бір құпиясын ашып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Достар, жуырда гаражымызды жаңарттық. Туған ағам "Ниссан Патроль" маркалы көлік алды, әкемде "Роллс Ройс Фантом", ал менде Е-класс маркалы "Мерседес-Бенц". Мақтанатын жөнім бар. Ата-анама Алла денсаулық берсін. Барлығы үшін рахмет сіздерге!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың "Муз-ТВ" жүлдесі кезінде ұятқа қалғаны рас па? (видео)

Kolesa.kz сайтының мәліметі бойынша, "Ролс Ройс Фантом" шамамен 67-70 млн теңге тұрады.

Ал Е-класс маркалы "Мерседес-Бенц"-тің нарықтағы бағасы да жылына қарай 10 миллион теңгеден басталады.

Марсельдің ағасы тізгіндеп жүрген Nissan Patrol көлігінің де құны шарықтап тұр. Сайт бетіндегі хабарландыруларда оның орташа бағасы 19 миллион теңгеге тең екен.

Айта кету керек, бүгінде Марсель әпкесінің жолын қуып, шоу бизнес әлемінде бағын сынап жүр. Ол жеке әндерін жазып, актерлік қырынан да танылмақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523498-sivi-makhmudidinh-inisi-garazhyndaghy-qy.html