RU

Қазақстандық қалталы жігіттер жарты миллион жалақыға көңілдес іздеп жүр

Қазақстандық жігіттер «айына жарты миллион теңге жалақы берем» деп ғаламтор желісінен көңілдес іздеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталы. «Жезөкшеден шаршадым» деген қалталы азаматтар жарнамаларын жергілікті және шетелдік сайттарға іліп, өз талаптарын жазған.

Сондай жарнаманың бірінде: «Жас, әдемі, денесі сымбатты, бойы ұзын әрі ақылды, жасы 33-ке дейінгі қыздар іздеймін. Менімен тек төсекте ғана емес, бос уақытымды да қызықты өткізетін адам керек. Жезөкшелер мазамды алмаңыздар. 

Өзіме келер болсам, қазақпын, жасым 37-де. Денем шымыр, қарным жоқ, бойым 185 см. Қаржылай көмектесуге дайынмын. Ұсынысыма қарсы емес қыздар, көрсетілген нөмірге ватсап арқылы фотоларыңды жіберіңдер. Ұнағаныңа өзім хабарласамын. Қоңырау шалып, мазамды алмаңдар. Бәрібір көтермеймін», - делінген.

 

Жарнама беруші жігіттердің мәрттіктері сонша кейбірі көңілдесіне қомақты жалақыдан басқа жүргізушісі бар көлік, қаланың қақ ортасынан пәтер жалдап беруге дайын екендерін жазып жатыр.

Біз екі-үш жарнама беруші жігітпен сөйлескенімізде, барлығы үйленбеген немесе ажырасқан «бойдақ» болып шықты. Бір қызығы көңілдес іздеген жігіттердің басым көпшілігі 30 бен 37 жас аралығындағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523628-qazaqstandyq-qaltaly-zhigitter-zharty.html