RU

Сауль Алварестің сүйіктісі жүкті болып қалды (фото)

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жақында екінші рет әке атанбақ деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Фернанда Гомес есімді бойжеткен Альварестен бала күтіп жүр. Қос ғашық өздерінің қарым-қатынасын ашық түрде 2016 жылдың қазан айында, яғни Нью-Йорктегі қайырымдылық шарасына бірге келген уақытта жария еткен.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да әкімнің орынбасары құлаған көпірден өтетін халықты "терпеть" етуге шақырды (фото)

24 жастағы Гоместің туған жері Мехико. Бойжеткен өзінің жеке өмірі жайлы көпшілікпен бөліскенді ұнатпайды. Тіпті боксшының сүйіктісі осы уақытқа дейін бірде-бір сұқбат бермеген.

Нақтыланбаған мәліметке сәйкес Альварес пен Фернанда Гоместі боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя таныстырған.

27 жастағы Сауль Альварес модельдермен, сұлулық байқауларының қатысушылары, тележүргізушілермен көңіл қосса да, әлі күнге дейін ресми түрде некеге тұрмаған.

Десе де, боксшының Эмили Цинцамон атты 9 жасар қызы бар.

Тағы оқыңыздар: Сиви Махмудидің інісі бағасы 60 млн-нан асатын қымбат көліктерімен мақтанды (фото)

Суреттер Фернанда Гоместің Twitter парақшасынан алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523655-ataqty-saul-alvarestinh-suyiktisi-b.html