RU

ЭКСПО-ға келетін шетелдік қонақтарды жезөкшелер жоғары деңгейде қабылдап жатыр

Астаналық жезөкшелер ЭКСПО-ға орай шет тілдерін меңгеріп алған. Олар халықаралық көрмеге келген шетелдіктер үшін қызмет құнын шарықтатып жіберген деп хабарлайды Еуразия арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Елордадағы теміржол вокзалынының маңы жезөкшелерден аяқ алып жүргісіз күйде. Ішкі істер басқармасы ЭКСПО-ға байланысты қоғамдық тәртіпті ретке келтірдік деп есеп бергенімен бәрі бәз баяғы қалпы.

Жезөкшелердің қызметін ұсынатын жеңгетайлар қыздарының ағылшын тілін білетінін, шетелдіктерді қабылдауға дайын екендіктерін айтуда. 

Тағы оқыңыздар: Бизнесмен: "Қазақпыз ғой" деген бір ауыз сөз парламент шеше алмайтын проблеманы шешеді

"Бізге қытайлықтар, түріктер келеді. Оларға 1996, 1997 жылғы қыздарды ұсынамыз. Ұялмай көрсетуге болады. Менде төрт қыз бар, бәрі қазақ. Орысша жақсы біледі, ағылшынша түсінеді", - дейді теміржол маңындағы жеңгетайлардың бірі.

Елордаға келетін мың сан қонақтан дәмелі жезөкшелердің қызмет құны да шарықтап кеткен. Интимдік сайттар арқылы өздерін жарнамалаған қыздар ағылшынды қойып, қытай тілін де меңгеріп алыпты.

Вокзал маңымен салыстырғанда интим сайттағы қыздардың құны қымбат. Бір сағатқа - 20-30 мың, бір түнге 150 мың теңгеге дейін сұрайды.

Жуырда елордалық СПИД орталығы қаладағы жезөкшелердің 80% пайызының венерологиялық ауруға шалдыққанын жариялады. Тәнін саудалайтындарға елімізде жаза жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523755-ekspo-gha-keletin-sheteldik-qonaqtardy.html