RU

Қызыққұмар әйел ұшақтың есігін ашып жіберіп, қамауға алынды

Қызыққұмар әйел ұшақтың есігін ашып жіберіп, ұшақ қызметкерлеріне қиындық тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда Xiamen Air компаниясының жолаушысы ұшуға дайындалып жатқан ұшақтың апаттық есігін қызық үшін ашып жібереді. Бейжіңнен ұшуы тиіс ұшақтың рейсі әйелдің кесірінен кейінге қалып қойған.

Тағы оқыңыздар: Әдеп кеңесінің шақыртуын құлағына ілмеген Ақтөбе әкімі басшылықтан сөз естіді

Бұл оқыс жағдай 12 маусым күні сағат 11.30-да болған. Бортсерік жолаушыларға қажет нұсқаулықтарды түсіндіріп, апаттық есікті тек апаттық жағдайда ашуға болатынын айтып жатады. Сол сәтте есік маңында отырған әйел апаттық есікті ашатын тетікті тартып қалған.

Полицейлер әйелді 12 күнге қамауға алып, рейсті кейінге қалдыруға тура келген. Ал ұшақ бортындағы өзге 113 жолаушы басқа ұшақтарға отырғызылды.

Ең сорақысы, апаттық есігі ашылып кеткен ұшақты жөндеуге 14,7 мың доллар қаражат керек. Қызыққұмар жолаушы бұл шығынды өзі көтеруі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523802-qyzyqqumar-ayel-ushaqtynh-apattyq-esig.html