RU

Жұрт Айқынға қосқан Жұлдыз Өмірғалидің өмірінде қандай өзгеріс бар? (фото)

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали кезекті жазғы демалысында Түркияның Анталья қаласына аттанды. Бұл туралы әнші  Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Жуырда танымал әншілер Айқын мен Жұлдыз Өмірғали үйленді деген ақпарат тарады. Оған себеп - Айқынның Жұлдызды үйінен ұзатып әкеткен видеосы.

Артынша Айқын бұл видеоның жалған ақпарат екенін дәлелдеуге тырысты. Дегенмен, жұрт жуырда ғана Түркияға аттанған Жұлдыздың кіммен қыдырып жүргенін білмей әлек болды.

Жұлдыздың бұл сапарға кіммен аттанғаны белгісіз. Бірақ, Instagram желісіндегі парақшасына қарап, Айқынның елден алысқа ұзап ешқайда кетпегенін көруге болады.

Дегенмен, соңғы кезде әншінің ел алдына орамалмен жиі шығып жүргенін байқап қалды.

Тағы оқыңыздар: Сивидің інісі әкесінің гаражындағы қымбат көліктерін көрсетіп, мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523820-zhurt-ayqyngha-qosqan-zhuldyz-omirghalid.html