RU

Анасын қанішердің қолынан құтқармақ болған тоғыз жасар бала ауыр халде жатыр

Ресейдің Астрахань қаласында ер адам екі баласы бар әйелге шабуыл жасаған. Зардап шегушінің тоғыз жасар ұлы анасын кісі өлтіргіштің қолынан құтқарып қалмақ болып, аса ауыр жарақаттар алған.

«Интерфакс» хабарлағандай, 14 маусымға қараған түні әйел мен оның екі баласы қалалық емханаға жеткізілген.

"Анасы мен тоғыз жасар ұлы түрлі деңгейдегі жарақаттар алған, бес жастағы қызы "психо-эмоционалды стресс" диагнозымен жатыр", - деп мәлімдеді жергілікті полиция.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Қазақтың тарихын бұрмалаған Фурманов атындағы көшені өзгерту керек.

Басқарма өкілі анықтағандай, алынған жарақат салдарынан әйел адам сол түні көз жұмған, баланың өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Бүлдіршін қыз мамандардың қарауында.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні ұстаған. 

Агенттік дереккөзі бойынша, күдікті бұрын істі болған және қаза болған әйелдің танысы. Екі баласымен жалғыз тұратын келіншек қанішерге есікті өзі ашқан.

Тергеушілер бала анасынан қылмыскерден қорғамақ болып, жарақат алды дейді. Ал қыз болса қатты күйзелістен ешкіммен тілдеспей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523852-anasyn-qanisherdinh-qolynan-qutqarmaq.html