RU

Сауд Арабиясында "Барселона" жейделерін киюге тыйым салынды

Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас Еуропаның ең танымал футбол клубына да әсер етті деп хабарлайды euro-football.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Сауд Арабиясы "Барселона" футболкасын  киюге тыйым салды, себебі оның басты демеушісі - Qatar Airways компаниясы. Аталған компания логотипі ойын формасында көрсетілген.

Sky Italia-ның хабарлауынша, аталған тыйымға бағынбайтындарға 135 мың еуро көлемінде айыппұл салынып, түрме жазасы беріледі.

Тағы оқыңыздар:Қаржы министрі: Қазақстан "жол картасын" салу үшін қырғыз еліне көмек көрсететін болды.

Естеріңізге салсақ, келесі маусымнан бастап каталондық команда футболкасында жапондық Rakuten компаниясының логотипі бейнеленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523904-saud-arabiyasynda-barselona-futbolka.html