RU

Адамдардың өлуіне тыйым салынған әлемнің ең суық қаласы туралы білесіз бе?

Батыс Шпицбергенде орналасқан –Лонгйир қаласының территориясында адамдардың өлуіне тыйым салынған деп хабарлайды Тelegraf.com.ua сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мұндағы тұрғындар саны 2000-нан асады. Әрине кез-келген жерде адамның өліп кетуі мүмкін болғанымен, мұнда адам жерлеуге болмайды.

Тағы оқыңыздар: "Науқастардың қалтасын қағуға" шақырған дәрігер шетелде қызмет етіп жүр

Сондай-ақ, бұл жерде ешкім сәбиін дүниеге әкеле алмайды. Аяғы ауыр әйелдер "Үлкен жерге" оралады.

"Бұл мекен өзінше бір бөлек әлем болғандығы соншалық, бар проблема артта қалып қалады", – дейді польшалық фотограф Доминика Гешицка (Dominika Gesicka).

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО билеті бір-ақ күнге жарамды екенін білген ауыл мұғалімі көрмеде түнейтін болды

Гешицка бұл жерге алғаш рет 2015 жылы келіп, кейіннен қаланы суретке түсіру үшін "Бұл шынайы өмір емес" деген фото жоба арқылы бірнеше рет келген.

Мұнда полярлы аюлар өмір сүретін болғандықтан, адамдар серуенге шыққанда мылтық ұстап жүруге мәжбүр.

Калада мысық, ағаш, бағдаршам деген дүниелер жоқ.

Қысқы уақытта поляр түні төрт айға созылады, ал сәуір айының ортасынан бастап тамызға дейін – полярлы күн.

Тағы оқыңыздар: Жұрт Айқынға қосқан Жұлдыз Өмірғалидің өмірінде қандай өзгеріс бар? (фото)

Жергілікті дүкендерде жеміс-жидек пен көкөністерді сирек табасыз. Ең танымал тағам солтүстік бұғы етінен жасалған гуляш және кит етінен стейк.

Тағы оқыңыздар: Сауд Арабиясында "Барселона" жейделерін киюге тыйым салынды

Бұл ел өмір сүруге қолайлы болмағанмен, мұнда келіп, бес немесе одан көп жылға қалып қалғандар бар.

Тағы оқыңыздар: Қартайса да жұптары жазылмаған ең сәнқой қариялар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523974-soltustiktegi-alemninh-enh-suyq-qalasy.html