RU

ЭКСПО билеті бір-ақ күнге жарамды екенін білген ауыл мұғалімі көрмеде түнейтін болды

ЭКСПО-ны көруге келген ауыл мұғалімі көрменің билеті бір-ақ күнге жарамды екенін естіп, көрме алаңында түнемек болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook желісінің Раушан Базарбай есімді қолданушысы жазды.

"ЭКСПО-ны бір күннің ішінде аралап шығу мүмкін емес дейді, ал билет бір күнге ғана жарамды. Сол үшінде ауыл мұғалімі ЭКСПО көрмесінің алаңында түнеуді шешкен. "Солай істеуге бола ма?", - деп сұрапты менен.

Тағы оқыңыздар: Жұрт Айқынға қосқан Жұлдыз Өмірғалидің өмірінде қандай өзгеріс бар? (фото)

Мен не үішн мұндай қадамға барғалы отыр деп сұрасам, "сонша жерден барып, 4 мыңға билет алғанда бәрін көріп кетпесем обал емес пе" дейді. Міне, патриоттық сезім қайда жатыр", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1523985-ekspo-bileti-bir-aq-kunge-zharamdy-eken.html