RU

"Науқастардың қалтасын қағуға" шақырған дәрігер шетелде қызмет етіп жүр

Қосымша сараптамалар кезінде науқастардың қалтасын қағуға шақырған Алматыдағы қалалық №7 емхананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов шетелде жеке медициналық мекемеде қызмет істейді деп мәлімдеген емхананың қазіргі басшысы Марат Абдуллаев Today.kz сайтына.

Абдуллаев атап өткендей, Әнуар Амановты қызметінен шеттетпеген.

"Ол қызметінен шеттетілген жоқ, өз қалауымен өтініш жазды. Қазір менің әріптесім жекеменшік медициналық мекемеде қызмет етеді. Менің ойымша ол «науқастардың қалтасын қағу» жайлы эмоцияға беріліп айтты", - дейді Марат Абдуллаев.

Тағы оқыңыздар: Әлемнің ең сәнқой қарт жұптарын білесіз бе?

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қаңтар айында әлеуметтік желіде медицина қызметкерлері жиналған жиында Амановтың "науқастардың қалтасын қағуға" шақырған видеосы пайда болған еді. Кейіннен оның өз қалауымен жұмысынан кеткені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524076-nauqastardynh-qaltasyn-qaghugha-shaqyrgh.html