RU

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған жігіт түрмеде ресторан ашып алған (фото)

29 жастағы Сургута тұрғыны Роман Калашников есірткі тасымалдағаны үшін түрмеге қамалған. Алайда ол өз өміріне дән риза екенін айтыпты. Бостандықта жүрген адамдар ресторан түгілі кішкентай кәсіп аша алмай жүргенде, ол түрмеде керемет деуге келмесе де ыңғайлы ресторан ашып алған деп жазады Qamshy.kz.

Роман өз кәсібін 2016 жылы бастапты. Сол жылы ол Балиге ұшып келген кезде оның сөмкесіне бөтен біреулер есірткі бар қорапша салып жіберген.

Кейін жас жігіт өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмай, Индонезиядағы Карбаган түрмесіне түседі. Өмір бойы бас бостандығынан айрылса да,  ол ештеңеге өкінбейді.

Роман түрмеге түспес бұрын аспаздықпен айналысып, 6 жыл бойы біраз елді шарлап, саяхат жасаған. Барған елдің міндетті түрде ұлттық асханасына кіріп, дәм тататын көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Қартайса да сәнді киінуден жастарды басып озатын қариялар кімдер?

Түрмеге түскеннен бастап қазіргі германиялық әріптесімен бірге ресторан ашыпты. Олар күніне 15-20 кісілік тамақ сатып, 500-1000 рубь табыс табады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524208-omir-boyyna-bas-bostandyghynan-ayyryl.html