RU

Британия ханшайымы Диананың қорқынышты дертке шалдыққаны белгілі болды

Британдық журналист Эндрю Мортон 1992 жылы Диана ханшайым туралы өмірбаяндық кітабына оның өз аузынан жазып алған деректерін шығарды. Онда Диананың мешкейлік дертіне шалдыққаны айтылған деп хабарлайды Тelegraf.com.ua сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ағымдағы жыл Диана ханшайымның өмірден өткеніне 20 жыл толуына байланысты жазушы оның ешкім біле бермейтін құпиясымен бөлісті. Daily Mail жазуы бойынша, Уэльск ханзадасының жары он жылдай жүйкелі булимия дертімен ауырған.

Мортон Диананың тым арық болуын осымен байланыстырады.

Тағы оқыңыздар: ІІМ басшысы ЭКСПО-ға көрші елден келген жезөкшелерге қатысты пікір білдірді

Естеріңізге салсақ, булимия - психикалық проблема. Яғни, адамның қатты қарны ашып, бірақ өзі жейтін тамақ салдарынан тым арық немесе өте қатты толық болып, әдемі мүсінін жоғалтып аламын ба деген қорқынышы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524211-britaniya-khanshayymy-diananynh-qorqyny.html