RU

Қасымов Алматыда ұсталған ірі бизнесменге қатысты пікір беруден бас тартты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда құрықталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге байланысты пікір білдіруден бас тартты деп хабарлайды Астана арнасы.

Халық алдында есеп беру жиынында министр бұл тек нақты қылмыстық іс екенін айтты.

"Алматыда болған құрықтауға байланысты, бұл нақты қылмыстық істер. Мен әзірге пікір білдіре алмаймын. Қандай да бір қорытынды шығарылған кезде білетін боласыздар. Оған қоса Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақын күндері нақты ақпаратпен шығатынын айтты ғой", - деді Қасымов.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда аяусыз өлтірілген судьяның өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Еске салайық, осыған дейін арнайы қызмет өкілдері Алматыда қылмыстық топты ұстады деген ақпарат тараған болатын. Бірақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жайтты әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524413-qasymov-almatyda-ustalghan-iri-biznes.html