RU

Тұрғындар Қасымовтан кім көрінгенге мазақ болған полицейлерге араша болуын сұрады

Тұрғындар Қасымовтан әзілкештер мен асабаларға мазақ болып жүрген полицейлерге араша болуын сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Еліміздегі барлық облыс тұрғындарымен онлайн кездесу өткізген ІІМ Қалмұханбет Қасымовтан Көкшетауда болған судья өліміне алаңдап, сұрақ қойғандар көп болды. Тергеудің жасырын екенін айтқан министр судья өліміне қатысты тіс жарған жоқ.

Халық өкілеттілігі жоғары құзырлы мекеме қызметкерінің аяусыз өлтірілгеніне алаңдап отыр. Сонымен қатар, ішкі істер саласының ардагерлері министрден кім көрінгенге мазақ боп жүрген полициялардың абыройын ойлауды сұрады.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда алапат өрт болып, 500 адам құтқарылған (видео)

«Мен ішкі істер саласының зейнеткерімін. Біздің әріптестеріміздің жалақысы өте аз, жағдайлары керемет емес. Оның үстіне теледидардан таңнан кешке дейін форманы кигізіп алып, сайқымазақты көрсетеді. Ұят. Балалар соларды қарап өседі. Қарсы, жеккөрінішті пікірмен қарайды. Тіпті, кейінгі кездері асабаларға дейін әріптестерімізді мазақ қылуды шығарды. Өз көзім көрді. Осы жағдайды мәдениет министріне айтып тоқтатуға болады емес пе?!», - деді ішкі істер саласының ардагері.

Ішкі істер минстрі бұл жағдай туралы мәдениет министрімен сөйлесуге уәде берді.

«Түсіндім. Бұл туралы мәдениет министрімен сөйлесеміз. Мүмкін сол жағдайды шешеміз», - деді минстр Қасымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524528-turghyndar-qasymovtan-kim-koringenge.html