RU

Жезқазған маңындағы ракета құлаған жерде бір адам қаза тапты

Жезқазған маңындағы Талап ауылына құлаған ракетаға қатысты жаңа деректер пайда болды еп хабарлайды NUR.KZ ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

14 маусым күні сағат 18.04-те № 2 Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апат-құтқару қызметіне Жезқазған қалалық ТЖБ-ден оңтүстік-батыс бағытта 20 шақырым жерде орналасқан Талап ауылында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан құлайды деп жоспарланған аймаққа "Союз-2.1а" зымыран тасығышының "Прогресс МС-06" ғарыш кемесінің құлауы  салдарынан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнында РФ "Машиностроение" ғылыми өндірістік бірлестігі" әскери өндірістік корпорациясы АҚ № Базасының 5 техникасы жұмыс істеп жатыр, тағы 3 дана техника тартылады, қосымша көмек қажет емес", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сағат 19.25-те № 2 Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметтерінің орталық пунктіне Талап ауылының тұрғынынан Жезқазған-Қызылорда тасжолының маңындағы дала өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен.

"Өрттің салдарынан зымыран қалдықтарының бөліктерін жинау жұмыстарын атқарып жүрген 1964 жылғы азамат күйік шалып, қаза тапты. Тағы бір 1968 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге 61 адам және 22 техника жұмылдырылған. Тілсіз жау 03.31-де ауыздықталды", - деді Руслан Иманқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524550-zhezqazghan-manhynda-raketa-qulaghan-zher.html