RU

Дәурен Айдарқұлов пен Ақботаның махаббаты қалай басталғаны белгілі болды

Өткен жылдың соңынан бері шоу бизнесте "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Ақбота мен әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың арасындағы махаббат ел аузынан түскен жоқ. Үш балалы әзілкешке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбетті ел жерден алып, жерге салған еді. Жуырда ана атанып, Дәуренге ұл сыйлаған әншінің досы Эрман жұлдызды жұптың махаббаты туралы құпияны ашты деп хабарлайды NUR.KZ.

31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында ол ел білмейтін көп жайттың басын ашты.

"Қазір жақсы Ақбота. Дәуреннің үйіне барып, құда-құдағилармен отырып, шай ішіп қайттық. Керемет өтті", - деген ол көптің талқысына түскен махаббат хикаясының шын мәнісінде қалай басталғанын айтып берді.

"Гламур для дур" деген фильмнен басталды махаббаттары. Фильмнің аяғы махаббат болып кетті. Оны мен басында білдім. Боташка жиырма жасқа толғанда Дәурен гүлмен келген. Басында ел білмеді. Дәурен халыққа соңында айтамын деп, өзі кейін айтты.

Тағы оқыңыздар: Жұлдыздар династиясы: Отандық шоу бизнесте отбасымен бірге жүретіндер кім? (фото)

Той Алла қаласа болады. Аман-есен ұлды дүниеге әкеліп алды. Өз өзіне келсін, тойды ойластырамыз ғой. Некесі әлі қиылған жоқ. Бірақ қиылады міндетті түрде. Дәурен той болады деп отыр", - деп айтып берді Ақботаның жақын досы hair-стилист Эрман.

Оның айтуынша Ақбота босану кезінде қатты қиналған.

"Журналистерді шақыруға Дәурен қарсы болды. Телефонын да екі күн өшіріп тастады. Біріншісі болғаннан кейін шығар, Ақботаға өте қиын болды. Ұлының есімін Дәурен өзі қойды Ибрахим деп. Бірінші ұлымды өзім қоямын деді.

Ұлына жарасады. Кіп-кішкентай, тура Дәурен сияқты. Шашы бұйра-бұйра. Дәуренге қатты ұқсайды", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, Ақбота Сейітмағамбет тұңғышын 1 маусым күні дүниеге әкелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524553-dauren-aydarqulov-men-aqbotanynh-makha.html