RU

Ләйлә Сұлтанқызы телеарна басшылығынан неге кетті?

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының "Балапан" телеарнасынан неліктен кеткені белгілі болды. Ол екі баласын алып, Қазақстаннан кетпек деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол comode.kz басылымына айтты.

Жеті жыл бұрын құрылған телеарнаның басшылығында бес жыл отырған тележүргізуші осы уақыт ішінде 300-ден астам түрлі жанрдағы жобаны жүзеге асырған.

"Бес жыл бойы балаларыммен үйде отырып,  балаларға арналған арналардың барлығын қарап шығатынмын. Балаларымның не көретіні маған қызық. Осылай мен барлық шетелдік арналарды зерттеп шықтым", - деген болатын ол бұдан бес жыл бұрын.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, ол жуық арада балаларын алып, шетелге оқуға аттанбақ.

Тағы оқыңыздар:  Жұлдыздар династиясы: Отандық шоу бизнесте отбасымен бірге жүретіндер кім? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1524648-layla-sultanqyzy-telearna-basshylyghy.html